Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«БАЛМҰЗДАҚ» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ

Ел Президенттігіне кандидат Қасым–Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық қоғамдық штаб мүшелері С.Ахтаев, А.Сахов және Ж.Амангелдиев Бірінші Мамыр ауылдық округінде орналасқан «Балмұздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуде штаб мүшесі С.Ахтаев: Кандидаттың сайлауалды бағдарламасында «Бизнестің бәсекеге қабілетін арттыруға кедергі келтіретін нәрсенің бәрі жойылатыны, мемлекет әзірге жеке бизнестің шамасы келмейтін салаларда ғана белсенді жұмыс жүргізетінін» түсіндіріп өтті.

Ал, штаб мүшесі Ж.Амангелдиев сайлауалды бағдарламада экономиканың барлық саласында тұрақты жұмыс орындары ашылатынын, өңірлерді кешенді дамытуға ерекше назар аударылып, кәсіппен айналысамын деген жастарға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5% болатын шағын несие берілетініне баса назар аудару қажеттігін атап өтті.

Кездесу барысында сайлаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, зейнеткерлік жасты ерлерге 60 жас, әйелдерге 55 жас деп бекітілсе, жас отбасыларға жер телімі берілсе деген ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Аталған кәсіпорын 1998 жылдан бері жұмыс істейді, жылына 3 мың тоннаға жуық балмұздақ, 15 тонна тұшпара, жарты миллион тоннадан астам шоколад өнімдерін өндіреді. 200-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтыған.

Кездесу соңында штаб мүшелері ұжым жұмысшыларын сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

#TOQAEV2022

0
0
301

Еще по теме

«БАЛМҰЗДАҚ» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ - Yvision.kz