Балалық арманым, бүгінгі өмірім сенсің ҚазҰУ
Балалық арманым, бүгінгі өмірім!
Арман➡️Мақсат➡️Төзім➡️Жетістік.
Мені бүгінгі күнге жеткізген жол.
Ия, талай жанның қол жетпес “Арманына” айналған Қара шаңырақтың “Журналистика” факультетінде білім алу - маған бұйырыпты. Тағылымды ұстаздардан тәлім алып, өнерлілердің айналасында шабыттанып, жаңаша ойлап, биікке жетуді мақсат ететін жандардың ортасында жүргеніме 3 жыл толды. Студенттік өмірдің қызығымен - шыжығын қашықтанда, жақыннан да көріп, талай мықты шыңдалып шыққан осы бір ұяда бірер уақыттан соң бізгеде қанат қағатын мезгіл келері сөзсіз. Мендегі мақсат, осы бір қысқа уақытты пайдалы, өмірімнің ең қанық түстерге боялған әсем суреті ретінде есте қалдыру. Кеше ғана мектеп аясынан ұзап шығып, алдағы өміріне қорқыныш, талпыныспен қараған біздей түлекті, өз ортасына тез арада бейімдеп, өзінің бір мүшесіне айналдырған ҚазҰУ қалашығына алғысым шексіз! Аз уақыттың ішінде біздің үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізуімізге себепкер болып, жаңа қырымызды дамытып, бойымыздағы бар өнерімізді жарыққа шығаруға ұмтылдырып жатқан, ҚазҰУ- ма ризамын. Шынымен, студенттік өмір, универдегі сәттер - мен ойлағаннан мүлде бөлек екен. Алда талай танып - білерім, алар асуларым жетерлік.
Болашақ жас түлектерге айтарым, өзің қалаған мамандыққа оқуға түспесең, 4 жылыңды бос кетіріп қажеті жоқ. Себебі, алда кезігетін қиындықтарға төтеп беріп, сынақтан сағың сынбай өту үшін, кем дегенде ол сенің - өз таңдауың, жан қалауың болуы қажет. Сондықтан, болашағыңа деген алғашқы қадам - мамандық таңдаудан басталарын ескергенің жөн БОЛАШАҚ СТУДЕНТ.
Орындаған: Құттыби Айкерім 3 курс студенті
Жетекшісі: Жетписбаева Мейіргүл