БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА.
"Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы С.Молдашев, аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Бекмулдин және комиссия мүшелері аудандық білім беру бөліміне қарасты "Алау", "Ақпатер", "Ақкөл" стационарлық демалыс лагерлеріндегі балалардың жазғы демалысының жайымен танысты. Үш лагерде пандемиялық жағдайға байланысты жалпы сыйымдылығының 30 пайызы көлемінде балалар тынығуда. Педагогтар демалыстың қызықты өтуі үшін жоспар бойынша жұмыстанып жатыр. Бес мезгіл тамақпен қамтылған.


