"БАЛАЛАР ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАПҚАН" АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ
29.11.2020 жылы аудандық орталық кітапханада Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті жазушы, Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Балалар жүрегіне жол тапқан» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Әдеби кештің мақсаты балаларға әдебиетті насихаттап, кітап оқуға шақырып, жазушының шығармашылығымен таныстыру. Кешке аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебаев Қуатбек Сағымбекұлы, аудандық мәдениет үйінің қызметкері Тұрысбек Аспандиярұлы, аудандық қоғамдық саяси газетінің тілшісі Нұркен Нұрғазы қатысты. Кешке келген қонақтар Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылығы жайында ақпарат беріп, талқыға салды. Әдеби кешке келген оқушылар балалар әдебиетінің жанашыры Сапарғали Бегалиннің өлеңдерін оқып, тағылымы мол видеороликтерді тамашалады.
