БАЛАЛАР -ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ
Бөрлі ауылында орналасқан "Балдәурен" балабақшасының ұжымы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
Қатысушылар Жолдауда айтылған білім, әлеуметтік салаға арналған үшінші бағдар "Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция" тарауы өзек болды. Құжатта айтылған:
- 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасау;
-ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру;
- Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарту;
-Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал жоғарғы шегін 120 пайызына жеткізу;
-студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету;
-әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыру;
-Біз 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзарту;
-Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы орташа айлық табысының 45 пайызына дейін көбейту;
-Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беру;
-Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аудару сынды Жолдауда айтылған жағымды жаңалықтар мен маңызды бағдарламаларды талдады.
Ұжым мүшелері саяси құжат жөнінде өздерінің пікірлерін білдіріп, толық қолдайтындықтарын жеткізді.
