Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

БАЛАБАҚШАҒА ЭЛЕКТРОНДЫ КЕЗЕК: СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ЖАППАЙ ЕНГІЗУ

Бүгінде Астанада «E.Astana» ақпараттық жүйесі жемісті жұмыс істеп жатыр. Оның көмегімен мектепке дейінгі мекемелерге бірыңғай электронды кезек жасалады. Біз бұл жүйенің қалай жұмыс істейтіні және артықшылықтары туралы сауалымызды құзіретті мамандарға қойған едік.

Астана қалалық білім басқармасы мамандарының айтуынша, қазір әр отбасы өзінің кезегі қалай жылжып келе жатқанын бақылай алады. Балабақшаға орын бөлуді сырт көзден жасырмай, жария етіп отыру мақсатында жұмыс істеп тұрған мекемелердегі бос орындарға жолдама беруді де автоматтандыру жұмыстары жүріп жатыр. 
Енді баланы электронды кезекке қалай қою керек деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Алдымен Электронды сандық кілтті пайдаланып, e.astana.kz жүйесіне кіру қажет. Кезектің жақындағанын хабарлап тұру үшін жеке кабинетте өзіңізге қатысты мәліметтерді (электронды пошта, ұялы телефон нөмірі) көрсетесіз. Балабақшаға кезек келген кезде осы электронды пошта мен телефон нөміріне хабарлама келеді. Одан кейін өтінімдер журналына кіріп, өзіңізге қолайлы мемлекеттік балабақшаны таңдай аласыз. 

Бұл жоба бірқатар қалаларда сынақ ретінде қолданылып жатыр. Жақын уақытта жаппай енгізілетін болады. Бұл бұған дейінгі кезекке қою жүйелерін алмастырады деген болжам бар. Мысалы, Алматы қаласы мен облыстағы ондаған қалалардағы «Электронды үкімет» өңірлік шлюз» ақпараттық жүйесі. 

Жүйедегі әр балабақшада бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне қарай өз кезегі бар. Кезек нөмірі электронды үкіметтік порталы арқылы автоматты түрде анықталады, әрі кезекке қою күніне тікелей байланысты болады. 2017 жылдың қаңтар айында «Электронды үкімет» өңірлік шлюз» ақпараттық жүйесі жетілдірілді. Атап айтқанда, балалар бақшасына жолдама өтінім берушінің жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады. Бұл жемқорлыққа жол бермеуге сеп болады. Ол арқылы «Кезекті бақылау» қызметіне онлайн тапсырыс беруге болады. Осы жаңа әдістердің барлығына қарамастан, «Электронды үкімет» өңірлік шлюз» ақпараттық жүйесінің олқы тұстары да бар. Мысалы, әзірге хабарлама жіберу секілді қызметтер қосылмаған. 

Бүгінгі күні электронды кезек жүйесі әртүрлі қалаларда пилоттық жоба ретінде қолданылып жатыр. Дегенмен, «Е Астана» жүйесі республикамыздың барлық өңірлеріне жаппай енгізуге болатын үлгі болатын күн де алыс емес. 

Бұл жүйенің айта кетерлік артықшылықтары: 
- балабақшаға орын бөлу жария түрде жүреді; 
- жыл бойы босай қалған орындарға жолдама алу мүмкіндігі болады; 
- қолжетімділік пен жеделдік. Әр ата-ана жеке кабинеті арқылы жүйеге тәуліктің кез келген уақытында кіріп, бақылай алады; 
- жолдама беріле қалған жағдайда жүйе автоматты түрде телефон мен поштаға хабарлама жібереді. 

Бұл тақырып аясында кәсіпкер Гүлнар Ғалиасқарова жайлы материалымызды оқи аласыздар. Кәсіпкер Астана қаласында электронды кезекті пайдаланып жұмыс істеп отыр:

https://yvision.kz/post/772736

 


0
0
1407

Еще по теме

БАЛАБАҚШАҒА ЭЛЕКТРОНДЫ КЕЗЕК: СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ЖАППАЙ ЕНГІЗУ - Yvision.kz