БАЛАҢЫЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ОТЫРСА...

БАЛАҢЫЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ОТЫРСА...
Бүгін «Әйел бақыты» бағдарламасы тамаша тақырыпты қозғады. Ғаламторда отыратын балаларға қатысты тақырыпта балалардың өздері әлеуметтік желілерде ұзақ, көп отыратындығы туралы жайып айтты. ВК, Фейсбук, Уатс ап бәрінде де бармыз деп қояды. Біреулері әлеуметтік желіге кіруге кім итермеледі десе ата-анам деп ашық айтып салды. Қызық, балалы үйдің ұрлығы жата ма, өз ауыздарымен айтқан ақиқатқа таңғалмайтын да болдық қой қазір, өйткені өзіміздің үйімізде де нақ осы картина. Баламыздың бетін қақпаймыз деп бесіктегі бүлдіршінді де телефонмен алдай саламыз. Әйтеуір түбі жақсы болсын да.
