Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ"

"Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық партия филиалында "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында көп балалы іскер әйелдердің қатысуымен көп балалы аналардың мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға партия филиалы консультанты М.Ермаханова, партия ардагерлері К.Жақыпбекова, Қ.Ерубай, аудандық жұмыспен қамту орталығы сектор меңгерушісі Х.Ахметова және ауданымыздағы өзін-өзі жұмыспен қамтып, кәсіппен айналысып отырған көп балалы аналар қатысты. Кездесуде көп балалы аналардың мәселелері тыңдалып, өз ойларымен бөлісті. Қазіргі таңда көп балалы аналар мемлекеттен берілген қаржылай тегін 505600тг көлеміндегі қаржыға мал басын көбейтіп, тігін тігумен айналысып, өз кәсіптерінің нәтижесін көріп отырғандарын және кәсіптерін алдағы уақытта кеңейткісі келетін жеткізді.

0
0
105

Еще по теме

"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" - Yvision.kz