БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Отырыста ауданның жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары А.Устемиров аудан аумағында 2020 жылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша аталмыш салада атқарылған жұмыстары туралы есебін берді.
Комиссия мүшелері тұрғындар тарапынан жиі қойылатын сұрақтар тізбесі, Сарыағаш қаласынан шешімі табылмай келе жатқан бірнеше көшелер бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы туралы сұрақтарға жауап алып, алдағы уақытта партиялық бақылаудың назарында болатындығы айтылды.
