БАҚЫЛАУ БЕКЕТІ
🔰 "AMANAT" партиясы Панфилов аудандық филилалы Үлкеншыған ауылдық округіне қарасты 90 балаға арналған және Пенжім ауылындағы 100 балаға арналған спорт мектептерінің құрылысына Партиялық бақылау бекеті ашылды. 🔷 Бүгін аудандық филиалдың жанынан құрылған Партиялық бақылау комиссиясы аталған бекетке зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу барысында құрылысқа жауапты мердігерге құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу қажет екендігі айтылды. Құрылыс жұмыстарына жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарды тарту қажеттігін және қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығы айтылды.
