Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

БАҚЫБЕК АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер - Жабатаев Берік Қамысбекұлы Бақыбек ауылының тұрғындарымен "Есіктен есікке" акциясы өткізіп, канвассинг-кездесуін өткізді. Кездесу барысында Түлкібас ауданы бойынша "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Сайлауалды бағдарламадағы жайлы аудан басым бағыты бойынша Бақыбек мөлтек ауданында 64 пәтерлі 5 тұрғын үй және 32 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілетіндігін айтты. Қауіпсіз аудан бағыты бойынша Майлыкент ауылдық округі жарықтандыру жүйелерін толықтай жарық диодты шамдармен алмастырып, жарықтандыру жүйелерін орнатпақ. Сонымен бірге ауыл тұрғындарын Майлыкент ауылдық округінде жүргізілетін жолға орташа жөндеу жұмыстарын айтып қуантты.

Бақыбек ауылы тұрғындары жалпы партияға қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

0
0
184

Еще по теме

БАҚЫБЕК АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ - Yvision.kz