Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

БАҒДАРЛАМА БАРЛЫҚ САЛАНЫ ҚАМТИДЫ

— Облыстың болашақта дамуы үшін білім сапасын арттыру басты назарда тұруы шарт, — деген Сәуле Өмірбекова алдағы уақытта өңірде 16 жаңа мектеп салынатынын жеткізді.

Оның айтуынша, жыл сайын облыста кем дегенде 10 мектепке жөндеу жүргізіліп, қосымша ұйымдар мен жас туристер станциясы жанынан 2 технопарк ашылады.

Сондай-ақ өңірде 6 қосымша білім беру ұйымы ашылып, 2025 жылға қарай педагогикалық шеберлік санаты бар ұйым педагогтарының үлесі 50%-дан 85%-ға дейін артады.

2025 жылға дейін ауылдық мектептерде кезең-кезеңмен 145 химия, биология, физика кабинетін жарақтандыру, дуалды нысан бойынша оқуды аяқтаған түлектердің

74 %-ын жұмысқа орналастыру, 2025 жылға қарай 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды біліммен қамтуды 86%-ға дейін арттыру үшін мектепке дейінгі мекемелер желісін кеңейту қолға алынады. Нәтижесінде облыстағы апатты және үш ауысымды мектептер толығымен жойылып, сондай-ақ білім беру сапасы артады.

Кездесу барысында облыстағы және Ақтөбе қаласындағы жолдар сапасына қатысты сауалдарға жауап берген үміткерлер партия тарапынан бұл мәселелердің қалай шешілетіндігін жеткізді.

0
0
183

Еще по теме

БАҒДАРЛАМА БАРЛЫҚ САЛАНЫ ҚАМТИДЫ - Yvision.kz