Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«БӘЙТЕРЕК-FEST» ҰЛТТЫҚ ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДА ПЕТРОПАВЛДА ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТЕДІ

Жас таланттарды қолдауды мақсат тұтқан «БӘЙТЕРЕК-FEST» ұлттық фестивалі биыл тұңғыш рет өткізіліп отыр. Игі шара Қазақстан Республикасындағы Жастар жылына арналған мәдени жоба болып табылады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ - CISC мемлекеттік гранты шеңберінде жүзеге асырылуда.

Айта кететін жайт, ұйымдастырушылар фестивальді екі кезеңде өткізуді жоспарлап отыр: бірінші іріктеу туры – елдің барлық облыстарынан келген талантты жастардың онлайн-өтінімдерін 2019 жылдың 20 шілдеге дейін қабылдаса, екіншісі - фестивальдің ақтық сыны 2019 жылдың тамыз айында Елордада өтеді.

«Ұйымдастырушылардың пікірінше, үш ең жарқын финалист Ұлттық Дельфий комитетінің халықаралық шығармашылық жобаларына қатысу құқығына ие болады», – дейді Ұлттық дельфий комитетінің директоры, жоба жетекшісі Құралай ТҮСПЕКОВА.

Жобаға 14-28 жас аралығындағы шығармашыл жастар қатыса алады.

Жоба аясында Ұлттық Дельфийлік қазылар алқасы қатарынан шеберлік сағатын еліміздің мәдениет қайраткерлері өткізеді. Осылайша, байқауға қатысушыларға менторлық қолдау көрсету жоспарланып отыр.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырушылар ерекше қажеттіліктері бар талантты жастардың арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтайды.

Фестиваль бағдарламасында келесі аталымдар ұсынылып отыр:

1. Хореография (халықтық, заманауи, эстрадалық би);

2. Вокал (халықтық, эстрадалық, академиялық);

3.Ым-ишара тілінде орындау (соло, ансамбль, шағын нысанда);

4. Бейнелеу өнері (жеке);

5. Сәндік-қолданбалы өнер (жеке);

6. Халық аспаптары (домбыра, қобыз, баян/аккордеон және т. б.);

7. Театр өнері (қойылым үзінділері, миниатюралар, монологтар, скетчтер және т.б.);

8. Электрондық музыка (клавишалық, қияқты және ішекті аспаптар);

9. Киім дизайны;

10. Ашық номинация (жеке номинациямен мәлімделмеген кез келген шығармашылық түрі).

Конкурстық комиссия ұсынылған әр номинациялар бойынша бірінші, екінші және үшінші орын иегерлерін анықтайды.

Фестиваль ережесімен және жоба бойынша қосымша материалдармен https://yadi.sk/i/-SCggXLWc0VNEw сілтемесі арқылы таныса аласыздар.

Сіздерді 29 шілде күні сағат 15.00-де, 30 шілде күні 10.00-18.00-де Петропавл қаласында өтетін шеберлік сағатында асыға күтеміз!

0
0
520

Еще по теме

«БӘЙТЕРЕК-FEST» ҰЛТТЫҚ ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДА ПЕТРОПАВЛДА ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТЕДІ - Yvision.kz