Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

БӘЙГІ БЕРМЕС БАЙБЕК

Кешегі саяси партиялардың сайлауалды пікірсайысын сол сайлауға қатысушы кандидат ретінде бүгін мұқият қайталап көріп шықтым.

Бес партия өкілдерінің де бағдарламаларын, сұрақ-жауаптарын салыстыра келе, бұл жолғы саяси бәйгедеNur Otan партиясы бәсекелестерінен қара үзіп оза шабатынын анық білуге болады.

Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы бұл науқанға әбден дайындалғаны көрініп тұр. Оны жақында Маңғыстауға келген сапарында сайлаушылармен кездесудегі сөздерінен де байқағанмын. "Біздің сайлауалды бағдарламамыздағы жоспарлардың жүзеге асуы партияның қатаң бақылауында болады. Бірде-бір цифр өзгермейді, бірде-бір жоба қысқармайды. Өйткені олардың бәрі әбден зерттелген, сарапталып барып дайындалған кешенді бағдарлама", - деді.

Партия халыққа жақын болу қағидатын берік ұстанып отыр. Биылғы партияішілік праймериз қоғамдық ортадағы елеулі жаңалық болды. Соның нәтижесінде Парламент мәжілісі мен мәслихаттардағы құрамның басым бөлігі жаңарғалы тұр. Мен сол жаңашыл азаматтарға сенемін. Сайлаушылар кандидаттарға қарап, лайық партияға дауыс береді деп сенемін.

Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру, орындалуын бақылау, қадағалау, ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстары партия төрағасы Елбасы мен партияның бюро мүшесі Президенттен бастап, баршамыздың ортақ мақсатымыз болмақ.

Жаңа жыл жақсылығымен, жағымды жаңалығымен келгей!

Бактыбай ЖАЙЛАУ

0
0
107

Еще по теме

БӘЙГІ БЕРМЕС БАЙБЕК - Yvision.kz