kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

БҚО ШЕНЕУНІКТЕРІНЕ ШОК ТЕРАПИЯСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 2.0

2020 жылдың 29 қаңтар күні «Ақжайық - Адалдық Алаңы» жобасы аясында БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп мемлекеттік органдардың бөлім басшыларын тергеу изоляторына экскурсия жасауға шақырып «Өз бостандығыңды бағала» акциясын өткізді.

Мемлекеттік қызметшілер барлық жұмыстарын кейінгі қалдырып ҚР ІІМ ҚАЖК РУ-170/1 мекемесіне барды, онда оларға экстремальды экскурсия ұйымдастырылды. Акцияға Орал қаласы әкімдігінің 15 бөлім басшылары қатысты.

Аталған акция мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін арттыруға және олардың сотталғандарды ұстау жағдайларын өз көзімен көруіне, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың салдарын сезіндіруге бағытталған.

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алдағы уақытта осындай профилактикалық шараларды тұрақты түрде жүргізуді жоспарлап отыр.