БҚО ӘКІМІ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАП, ОЛАРҒА СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

БҚО ӘКІМІ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАП, ОЛАРҒА СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Бүгін демалыс күніне қарамастан Батыс Қазақстан облысының әкімі ҒАЛИ НӘЖІМЕДЕНҰЛЫ ЕСҚАЛИЕВ
2021 жылдың 04-06 маусым күндері Ташкент қаласында самбо және жауынгерлік самбо күресінен АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ атанған

Көлбай Темірланды және тағы басқа чемпионат жеңімпаздарын қабылдап, жас спортшыларға сый-құрмет көрсетті.
Қабылдауға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Каймен Есендияров қатысты.

ОБЛЫС ӘКІМІ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНА, БАПКЕРЛЕРГЕ АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ
Өңір басшысы жас самбошыларға Азия чемпионатында Ақжайық өңірінің даңқын асырып, Қазақстанның көк туын желбіреткені үшін және самбошыларды дайындаған бапкерлерге, сондай-ақ спорт саласын шебер басқарып, жетік ұйымдастырып отырған Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Каймен Есенаманұлына өзінің ризашылығын білдіріп, облыс халқы атынан алғысын айтып, алдағы үлкен жарыстарда бәріне сәттілік тіледі.

Азия чемпионы Көлбай Темірлан бұл жеңісін ҚР Тәуелсіздігіне 30 жылдығына тарту екенін жеткізді.
Азия чемпионатына 10 мемлекет қатысқан болатын. Қазақстан құрама командасынан 102 спортшының ішінен 9 спортшы БҚО-дан болды. Аталған жарыста БҚО спортшылары 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медальға ие болды.

Оның ішінде:
Көлбай Темірлан 98 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бірінші белдесуде Тәжікстан палуанымен кездесіп, 8:0 есебімен ауырту әдісімен ұтты. Екінші белдесуде Тәжікстан палуанын ұпай санымен 6:0 есебімен ұтса, финалда Өзбекстан палуанымен белдесіп 5:0 есебімен жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды.
Супыгалиев Қазбек - 64 келі салмақ дәрежесінде ¼ финалда қырғыз спортшысын, ½ финалда қазақ спортшысын жеңіп, финалда Өзбекстан спортшысынан жеңіліс тауып, күміс медальге иеленді.
Серіков Нұрбол - 71 келі салмақ дәрежесінде 1/8, ¼ финалдарында қырғыз спортшыларын, ½ финалда қазақ спортшысын жеңіп, финалда Өзбекстан спортшысынан жеңіліс тауып, күміс медальге иеленді.
Сейсов Әділбек - 64 келі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда түркмен спортшысын, ¼ финалда қырғыз спортшысын жеңіп, ½ финалда қазақ спортшысынан жеңіліс тапты. Қола медаль үшін қырғыз спортшысын жеңді.
Сүлейменова Риза - 72 келі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.
Хамзин Замир - 98 келі салмақ дәрежесінде ¼ финалда қазақ спортшысын жеңіп, ½ финалда тәжік спортшысынан жеңіліс тапты.
Жас самбошылардың жеңістері құтты болсын!
Жеңісті күндерде жүздескенше бай-қуатты болайық!
Талғат Тұрсынғалиұлы-Тәуелсіз кәсіподақ ұйымы төрағасы. Республикалық "Жемқорлық және Заң" газеті журналисі.
Тел. 87086297116
