БҚО-ДА «ҚҰС ЕТІ ЖӘНЕ ОДАН ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» КО-НЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІНІҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Батыс Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері 2015 жылғы 9 қаңтарда «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-нің Батыс Қазақстан филиалында өткізілген «Құс еті және одан өндірілген өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламентінің жобасын талқылау жөніндегі дөңгелек үстел отырысына қатысты.
Отырыс барысында құстың қосалқы мүшелерінен өнімдер өндіру шарттарына өзгерістер, «Негізгі ұғымдар» деген бөлімде толықтырулар енгізубойынша және басқа да ұсыныстар қаралды.
