kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
1

БҚО-ДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 16-19 ҚАҢТАР КҮНДЕРІ ҰБТ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ

Батыс Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) 2020 жылдың 16-19 қаңтар күндері М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, облыстың Қаратөбе, Сырым, Жаңақала, Жәнібек және Казталов аудандарынының білім мекемелерінде өткізілді.

Ұлттық тестілеу орталығының бастамасымен Ұлттық бірыңғай тестілеудің ашықтығы мен объективтілігіне қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалаудың арнайы мониторингтік тобының (АМТ) өкілдері қатысты.

Жалпы облыс бойынша тестілеуге қатысу үшін 3346 оқушы тапсырыс берген. Бақылаушылардың арнайы топтары мобильді құрылғы мен шпаргалкаларды алып өтуге тырысқан 9 оқушыны тестілеуге кіргізу кезінде және 25 тәртіп бұзушы тестілеу залынан мобильді құрылғыларды пайдаланғаны үшін шығарды.