2020 жылдың 12 наурызында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі арнайы мониторингтік тобы және «Ақжайық - адалдық алаңы» жобалық офисімен бірлесіп «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірінші орынбасары Н.Самет, БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары М.Ермеков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығының БҚОФ басшысы М.Айткалиев және қоғам өкілдерінің қатысуымен темір жол көлігіндегі жолаушылар тасымалы мәселелері бойынша жұмыс жағдайында кездесу өткізді.
Қоғамның пікірінше, мереке күндері пойыздарға темір жол билеттерінің тапшылығы орын алады, сондай-ақ жолаушылар пойыздары жолсеріктерінің сапалы қызмет көрсетпеуі негізгі проблемалар болып табылады.
Кеңес қорытындысы бойынша, жолаушылар тасымалы қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұртшылықтың және көліктік бақылау инспекциясы өкілдерінің қатысуымен мониторинг жүргізу ұсынылды.