Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

БҚО АМТ МҮШЕЛЕРІМЕН АЙЫППҰЛ ТҰРАҚТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

2020 жылдың 12 ақпанында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Арнайы мониторинг тобы, БҚО ПД Әкімшілік полиция қызметкерлері және Орал қаласының ТҮКШ қызметкерлерімен бірге Чкалова 285/1 көшесінде орналасқан айыппұл тұрақтарына мониторинг жүргізді.

Орал қаласының аумағында ЖК «Байлауов» және ЖШС «Oral Trans Company» сенімгерлік басқаруға берілген 2 айыппұл тұрағы жұмыс істейді.

Анықталғаны, айыппұл тұрағы жұмысының негізгі мәселелері кіргізілген автокөліктердің, заттардың қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жеткізушілермен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту болып табылады.

Полиция қызметкерлері көлік құралдарын айыппұл тұрағына кіргізгеннен кейін қабылдау актісі жасалады, бұл ретте айыппұл тұрағы өкілдері оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті өзіне алмайды.

Өз кезегінде полиция қызметкерлеріне автокөлікті қандай тұраққа кіргізу бойынша дискрециялық құқық берілген, бұл тұрақ иесі үшін пайда табумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен тұрады.

Мониторинг нәтижелері бойынша барлық мүдделі тұлғалардың қатысуымен отырыс өткізу жоспарлануда.

1
0
197

Еще по теме

БҚО АМТ МҮШЕЛЕРІМЕН АЙЫППҰЛ ТҰРАҚТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ - Yvision.kz