БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫНДА «АҚЖАЙЫҚ - АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
«Ақжайық - адалдық алаңы» жобасының Бөкей ордасы ауданында жұмыс тобы құрылып, 2019 жылға бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес, топ мүшелері үстіміздегі жылдың 20 наурыз күні аудандық орталық ауруханада болды. Топтың құрамында аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғлиева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Арыстанбеков, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы И.Курмашев, аудандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері бар.
Медицина мекемесіне келген топ медициналық мекемедегі қызмет алушы тұлғалардың хал-жағдайларын білу, науқастардың пікірін сұрау, қызмет көрсету сапасын бақылау, науқастарға берілетін күнделікті ас мәзірі, медицина қызметкерлерінің жалақыларының уақытылы берілуі, қоссымша жүктемелердің болмауы, тегін берілетін дәрі-дәрмектер қоры, бақылауышы кеңестердің қызметтері, арыз-шағым кітапшалары, саll орталықтар мен пандустардың болуы т.б. бағыттар бойынша әңгімелесу, бақылау жұмыстарын жүргізіп, олқылықтарды тексерді.
Тексеріс барысында мүгедек тұлғалардың пандус арқылы ауруханаға кіретін есіктің қоңырауының жұмыс жасамайтындығы анықталып, мекеме басшысына ескерту беріліп, қалпына келтіру тапсырылды. Басқа үлкен көлемдегі құқық бұзушылықтар мен олқылықтар орын алған жоқ.
