БҮГІНГІ ӨТКЕН КЕЗДЕСУЛЕР
Бүгін "Nur Otan" партиясының үміткерлері А.Омаров, Ө.Маткеримов, А.Меңлібеков Түлкібас ауданында бірнеше агитациялық кездесулер өткізді. Ең алдымен аудандық жасөспірімдерге арналған спорт мектебіндегі спорт саласының өкілдерімен кездесті. Спортшылар пандемияға байланысты қазір біраз мерекелік іс-шаралар тоқтап қалғандығын айтты. Бірақ, еліміз бұл індеттен аман-есен өтсе, іс-шаралар қайтадан жанданатындығын айтты. Өзі еркін күрестен шебер спортшы болып табылатын облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Абдурашит Керізбайұлы спортшыларға сәттілік тілеп, межелеген жоспарларына жететіндігін айтты. Одан бөлек аудан орталығындағы "Көкірек" базарындағы саудагерлермен кездесіп, партияның 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар, аудан орталығының тұрғыны, көпбалалы аналардың отбасында қонақта болып, партияға дауыс беру жөнінде үндеді. Бүкіл кездесудегі сайлаушылар өз тараптарынан келер жылы партияны қолдап, оған дауыс беретіндіктерін айтты.
