БҮГІНГІ ӘЛЕМДЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМНІҢ ҚАЖЕТТІГІ ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ? “БІЛІМ” ТОК-ШОУЫНЫҢ АНОНСЫ
4 тамыз күні 16.30-да “Білім” ток-шоуының кезекті шығарылымында бағдарлама қатысушылары жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігі мен түлектердің жұмысқа орналасуы жөнінде пікір таластырады.
Жыл сайын 100 мыңнан астам мектеп түлегі жоғары оқу орнына түседі. Алайда, жоғары білімі бар екенін растайтын диплом еңбек нарығынан өз орнын жылдам табатынына кепіл бола алмайды. Жағдайды қалай өзгертуге болады? Бағдарлама қонақтары бүгінгі қоғамдағы жоғары оқу орнының рөлі туралы пікір таластырды. Бір жағынан, бизнестің барлық түріне дипломы бар маман керек емес. Екінші жағынан, жоғары оқу орындары бар елдер ғана ғылымды, инновацияны, яғни экономиканы да дамытуға қауқарлы. Осы және өзге де өзекті мәселелер туралы ток-шоудың алдағы шығарылымынан көре аласыздар.
