БҮГІНГІ КЕЗДЕСУ АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛЖАНДАРМЕН ӨТТІ.
Азаматтарымыздың денсаулығы - «Nur Otan» партиясының негізгі басымдылықтарының бірі. Осы орайда ауданның бекітілген желілік кестесіне сәйкес, Күршім аудандық орталық ауруханасында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Е.Есімханов пен сенімді өкіл Л.Шоқаева тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуге жиналған тұрғындарға «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарлама таныстырылды.
Жиынға қатысушылар орталық ауруханаға педиатрлық учаскелер ашылып, ультрадыбыстық бақылау кабинеті ашылса деген ұсыныстарын білдірді.
Кездесу соңында тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарға жауап берілді. Алдағы сайлауға белсенді түрде қатысып, еліміздің жетекші партиясына дауыс беретінін айтты.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
«Nur Otan» - нақты істер партиясы!
«Nur Otan» - жарқын жетістіктер партиясы!
