БҮГІН - МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІ
БҮГІН - МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІ
1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер он жылдығының (1983-1992) аяқталуына орай желтоқсанның 3-ін - Мүгедектер күні деп жариялады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы Жарлығымен мүгедектерге мемлекет тарапынан қамқорлық көрсету, олардың проблемаларына назар аудару мақсатында,
Қазақстан Республикасында да «Мүгедектер күні» аталып келеді.
Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Мүгедектердің халықаралық күні -тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына жебеу болуға мүмкіндік жасайды.
Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасы негiзiнде мүгедектерге протездi-ортопедиялық, сурдо - тифлотехникалық құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралы кресло-арбалармен, мiндеттi гигиеналық заттар және санаторлы-курорттық емделу көмектермен уақытында қамтамасыз етеледi.
Сонымен қатар, естуі нашар мүгедектерге ымдау тілінің маманы, жүріп – тұруы қиын бірінші топ мүгедектеріне жеке көмекшілер қызмет көрсетеді.
