БҮГІН БҮКІЛ ӘЛЕМДІК ТЕЛЕДИДАР КҮНІ!
Осы күн есте қалу үшін қарашаның 21-і «Бүкіләлемдік теледидар күні», - деп жариялады. Газет, радио саласынан келген журналистер көк жәшіктің қырларын меңгере бастаған шақ та сол кез еді. Алғашқы телефильмдер, балаларға, жастарға арналған хабарлар, оқулық бағдарламалар дүниеге келіп, қоғамдық өмірдің, ауыл шаруашылығының, өндірістің, ғылымның, өнердің, әдебиеттің өзекті мәселелерін қозғайтын шығармалар таратылып жатты.
Міне,бүгінгі таңда теледидар-өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Кентау қаласының өзінде талай жылдар бойы еңбек еткен, халыққа көптеген бағдарламалар ұсынған жергілікті "Икар" телеарнасы қажырлы еңбек етіп тарихта қалды. Қазіргі уақытта "Тұран-Түркістан" телеарнасы жемісті еңбек етуде. Күнде елімізде болып жатқан жаңалықтарды елге жеткізуде олардың рөлі өте зор, олармен бірге қоян–қолтық жұмыс істеп келеміз. Бүгінгі күні қаламыздағы осы салада қызмет жасап жатқан жандарды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүретін айрықша кәсіп иелері мереке құтты болсын!
