Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Б.Байбек айтыскер Р.Зайытовты «бауырым» деп атады

Өткен сенбіде «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Астана күніне орай өткізілген «Бөрілі байрақ» атты республикалық ақындар айтысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ел сүйіктісі, ақын Ринат Зайытовқа бас жүлдені тапсырып тұрып, бұл айтыста «әділ және ашық шешім» болғанын айтты.


«Ринат Зайытов бауырымызға халық өз бағасын берді. Қолдап жатыр. Керемет! Жақсы сөздер айтылды. Біз «Нұр Отан» партиясы өкілдері осында – айтыста айтылған мәселелерді шешуге тырысамыз. Халық үшін. Мемлекет үшін...», - деп атап өтті ол. 

Сондай-ақ, саясаткер мұның бәрінің Елбасының сындарлы саясаты мен ел бірлігінің арқасында мүмкін болып отырғанын айтты.

«Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері «тіліміз, дініміз, діліміз» деп ұдайы айтып келе жатыр. Осы саясаттың арқасында экономикамыз дамып, бүгінгідей айтыстарды қолдап, жаңа деңгейге көтеріп жатырмыз. Бірлік тұрақтылық келісім болса, біздің еліміз бұдан да керемет биіктерге жетеді», - деп түйіндеді сөзін саясаткер.

Өз кезегінде, Р.Зайытов нұротандық ағасына және жалпы халыққа арнап келесідей өлең жолдарын жолдады:

«Қуантып қаумалаған қарашаны,

Екі күн жасай білдік тамашаны.

Биліктегі ағалар беттен алмай,

Сөзімізді тыңдай білсе, жарасады.

Ақындармен «Нұр Отан» бірге болса,

Қазақтың жаман болмас, болашағы!».

Айта кетейік, партияның қолдау білдіруімен өткен жылы оннан астам халықаралық және республикалық деңгейдегі ақындар айтысы ұйымдастырылса, жыл басынан бергі уақытта алты айтыс өткізілді. Атап айтқанда, Көкшетау қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Береке мен бірліктің жерұйығы» атты халықаралық ақындар айтысы, Атырау қаласында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» атты республикалық ақындар айтысы және «Мәңгілік ел» тақырыбындағы Алматы, Ақтау, Атырау және Талдықорған қалаларында өткен ақындар айтыстары.

 
0
0
677

Еще по теме

Б.Байбек айтыскер Р.Зайытовты «бауырым» деп атады - Yvision.kz