БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАТЫН БОЛАДЫ
Бүгінгі кезекті үгіт-насихат кездесу Құркелес ауылдық округінде орталық клубта болды. Партия атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Әлия Көкеева бағдарламаның Бұқаралық спортты дамытуға арналған бағытымен таныстырды.
Партия алдағы бес жылға арналған жоспарын ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтын болады. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: 2021 жылы Сарыағаш қаласы, «Самал» мөлтекауданындағы орталық стадионға қайта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге; 2021 жылы Қабланбек ауылдық округі Жонарық ауылынан ашық үлкен спорт алаңшасының құрылысына; 2022 жылы Дарбаза ауылдық округі Дарбаза ауылынан ашық үлкен спорт алаңшасының құрылысына; 2022 жылы Құркелес ауылдық округі Нұрлы жол ауылынан спорт алаңының құрылысына; 2022 жылы Құркелес ауылдық округі Алғабас ауылынан спорт алаңының құрылысына; 2023 жылы Құркелес ауылдық округі Ақүй ауылынан спорт алаңының құрылысына; 2023 жылы Құркелес ауылдық округі Еңкес ауылынан спорт алаңының құрылысына; 2024 жылы Жылға ауылдық округі Жылға ауылынан спорт алаңының құрылысына; 2025 жылы Жылға ауылдық округі Нұрауыл ауылынан спорт алаңының құрылысына; ұлттық спортты дамытуға (көкпар ойындары, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, еркін күрес және т.б.) ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 28%-ға, денешынықтырумен шұғылданатын азаматтарды қамту 42,0%-ға дейін ұлғаяды.
Жиынға қатысқан сайлаушыларды алдағы сайлауда Nur Otan үшін дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
