Қазып алып тапты...

«Өлкетану 2015» қатысушылары археологтармен бірлесіп біздің заманымызға дейінгі 6-шы мыңжылдықтың балшық пен сүйектің әбзелін қазып шығарды.
ММ « Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» қолдауымен МОО ДМЦ «Шанырак» орталығындағы жастар, сонымен бірге мектеп оқушылары мен волонтерлер 2015 жылдың маусымның 20-сы мен 23-і аралығында «Өлкетану» туған жерін зерттеу мен оны насихаттауға бағытталған экспедицияға аттанды.
Облысымыздың археологтарымен бірігіп, қазба жұмыстарын өткізу мақсатында Лебяжі ауданына барған экспедицияға қатысушылардың 40 адамы үшін бұл сапар қызықты әрі нұсқалы болса керек.

«Үлкен жолдан жырақта, шексіз де шетсіз қыр даланың арасында тұзды Борлы көлі орналасақан. Тек көкжиекте қазіргі Қазы ауылы сәл көрінеді, ал жағалаудың күнбатысында, жылғаларды бойлай, жапырақты шоқ шалқасынан жайланып жатыр... »

Көлдің жағалауында, павлодарлықтар керамиканың түрлі үлгілерін, еңбек саймандарын, энеолит пен неолит замандағы адамдардың қалдықтарын бірінші рет кездестіріп отырған жоқ. Мұндай құнды олжаның жас ұрпаққа әсер еткені сонша, жастар туған жерінің тарихына тағы бір қол созып, алдыңғысынан да көп жаңалық ашуды көздеп, осы жерге қайта-қайта келуге әр кез дайын.

Осы жолы қазба жұмыстарының қатысушылары тек жер қазумен ғана емес, сонымен қатар тарих қалдықтарын жоғалтпау үшін, Борлы көлінің жағалауын нығайтуға бар күшін салды.
