АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛДЫ
Бүгін "AMANAT" партиясы аудандық филиалы жанынан əлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға құрылған мониторинг топ мүшелері аудан орталығындағы сауда орындарында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, сапасы мен қамтамасыз етілуі бойынша бақылау жүргізді.
Арнайы жасақталған мониторингтік топтың құрамында партиялық бақылау комиссиясының төрағасы М.Ибатов және мүшелері болды.
Сараптама барысында кәсіп иелеріне бағаларды тұрақты ұстап тұруға және бағаны негізсіз көтеру жауапкершілікке тартылатыны жөнінде түсіндірілді.
Алдағы уақытта партия тарапынан өңірдегі сауда орындары мен базарлардағы тауарлардың бағасына тұрақты түрде бақылау және талдау жұмыстары жүргізіліп тұрады.
