kk
Default banner
Разное
426 298 постов48 подписчиков
Всяко-разно
0

Азиада алауы Алматыны аралады

Көптен күткен Азиада алауы Алатау бөктеріндегі ару қалаға ат басын тіреді. Кеше Эль Кувейтте тұтанған Алау Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің ТУ-154 ұшағымен Алматыға түскі сағат 11:30-да келіп қонған болатын.

Қала көшелерінде Азиада Алау эстафетасы ресми түрде сағат 14:00-де Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде басталды. Алматыда алауды ең алғаш болып қолына алған қала әкімі Ахметжан Есімов.

Азия Олимпиада кеңесінің президенті шейх Ахмед Әл Сабахтың қолынан өткен Азиада Алауын сексен алматылық азамат көтере ұстап, алдын-ала белгіленген қала көшелерімен жүріп өтті.

Олардың арасында спорт және мәдениет қайраткерлері мен қаланың өркендеуіне үлес қосқан жандар жетерлік. Олимпиада ойындарының чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров пен Ольга Шишигинаны көзіміз шалды. Олимпиада мен әлемдік сындарда жерге қаратпаған Ольга өзіне Алауды алып жүру сеніп тапсырылғаны үшін шексіз қуанышты:

- Жазғы спорт түрінен жеңімпазы ретінде қысқы Азиаданың абыроймен өтуін қалаймын. Өйткені, бұл менің Отанымда болып жатқан оқиға. Одан сырт қалуға менің еш хақым жоқ. Қазақстан спортшыларына тек жеңіс тілеймін!

Ал, ең алғашқы Алау жағылған құтыны сақтау бақыты Халық банкіне бұйырды. Азиада аяқталғанша банк белгіленген арнайы орында аталмыш Алау жанып тұрмақшы. Бүгін бірнеше жыл бойы бас көтермей дайындалған ең ірі спорттық оқиға – Азия ойындары басталып кетті десек те болады. Алматыны армансыз аралаған Алау енді еліміздің әрбір облысында қонақ болып, «Астана Арена» стадионына барып тұрақтайды.

Сымбат Сұлуова.