ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК-АДАЛ НӘПАҚА
Азаматтардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғау мәселелері бойынша «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының Саяси кеңес мүшелері «Ойыл-Нан» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Қазіргі таңда наубайхана басшылары 17 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Нан бағасы халыққа қол жетімді. Баға тұрақты болғандықтан да халықтың сұранысы жоғары. Қажырлы еңбектің нәтижесінде сапалы өнім ұсынып отырған ұжым қарапайым тұрғындардың алғысына ие болып келеді. «Ойыл-Нан» ЖШС басшысы Әліп Күлжамал Әлібекқызының айтуынша халықтың ұн өнімдеріне сұранысы жоғары. Күніне 400-500 нан тұрғындарға жол тартады. Одан өзге самса, белаши, сынды түрлі ұн өнімдері даярланатындығын айтады.
« Астың дәмді болуы аспазшыға байланысты екені белгілі. Мен еңбекқор ұжымымның арқасында жақсы жетістіктерге жетіп отырмын. Бұның бәрі таң сәріден жұмысқа келіп талмай жұмыс жасап жатқан қызметкермнің еңбегінің жемісі. Кәсіп болған соң түрлі қиындықтар орын алатыны белгілі.Сол қиындықтарға қарамастан біз халық үшін қызмет етуге әрдайым дайынбыз»-дейді.
