Ғажайып түс
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»
Бейнематериал авторы – Александр Крайнов
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Мен бүгін, бір ғажап, түс көрдім,
Екі қол қол емес, қос қанат.
Сыймайды, кеудеме көңілім,
Толқытып жатыр, шапағат.
Аймалап жатыр, ақ бұлттар,
Ақ ұлпа қардай, ағартып.
Мынау көңіл, бұдан не ұғар?
Талпынып жатыр, қуанып.
Мынау қайдан келген, самал жел?
Аймалап өтті бетімнен.
Бір дауыс жетті, жерден - "Кел"
"Сағыныш, сәлем сүйгеннен"
О, ғажап, бет алдым мен жерге,
Сүйгенім шықты алдымнан.
Бір сезім қонды, көңілге,
Бар үрей кетті, бойымнан.
Жердемін, келемін – жүгіріп,
Сағынып, сарғайып, мен сүйіп.
Жоқ болды, елес көрініп,
Мен қалдым, тек қана, өкініп.
