"ҚазАвтоЖол" көлік жүргізушілеріне ескерту жасады
Атырау-Астрахань автожолындағы жүргізушілердің назарына
Демалыс күндері еліміздің бір қатар облыстарында жауын-шашын жауып, айналма жолдарда қозғалыс қарқындылығы төмендеген.
Бүгін республикалық маңызы бар "Атырау-Астрахань" автожолының км 770-771 учаскесінде орналасқан ұзындығы 2 шақырым айналма жолда жүк көлігі жолдан шығып кетіп, батпаққа батып қалған. Учаскеде қызмет етіп жатқан жолшылар шұғыл тәртіпте көмек көрсетіп, автокөлікті сүйреп шығарды.
Бұл учаскеде таңнан бері айналма жолды профильдеу және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін 5 бірлік техника мен 10 жолшы жұмыс жасап жатыр.
Барлық жүргізушілерден ауа-райы жағдайларын ескере отырып, автожолда ерекше мұқият болуларын сұраймыз.
#QAJ