Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі қалалық қоғамдық штаб өкілдері қаламызда орналасқан кәсіподақ ұйымдары өкілдерімен кездесу өткізді.

Жиында Арыс қаласы көлемінде азаматтық қоғамның дамуы мәселесі талқыланды.

Жиынды ашқан Арыс қалалық қоғамдық штаб төрағасы Бақтығали Ділдәбеков Мемлекет басшысы ұсынған реформалардың маңыздылығына тоқтала келіп: – Қазіргі реформалар – егемен ел болғаннан бері жүзеге асқан іргелі істердің заңды жалғасы. Мемлекет пен қоғам дамуының келесі жарқын кезеңіне өту алдында қарқынымызға қарқын қосатын, Қазақстанды әлемнің елдері қатарына енгізер нақты шаралар кешені, – деді.

Мұндай келелі шараларды азаматтық қоғамның атсалысуынсыз жүзеге асыру мүмкін еместігін айтқан қоғамдық штаб төрағасының орынбасары Амантай Байтанаев елімізде кәсіподақтар, қоғамдық кеңестер, қорлар мен бірлестіктерге қатысты заңнаманың жетілдірілуі - айқын дәлел болатынын айтты.

#TOQAEV2022

0
0
179

Еще по теме

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ - Yvision.kz