АЗАМАТТАРДЫҢ МҰҢ-МҰҚТАЖЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА
Қоғамдық қабылдау барысында азаматтардан бірқатар талап-тілектер келіп түсті. Тұрғындар Шағын мөлтек аудандардағы балалар ойын алаңшаларын жаңарту, жастарды үймен қамтамасыз етуге жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар, үй кезегіне тұру, қоғамдық көлікті көбейту, кей тұрғын алабтардағы ауыз су мәселесін шешу жайлы сауалдарын жолдады.

Мұратәлі Оразәліұлы ұсыныстар мен өтіншітерді тыңдап, оның партияның 5 жылдық бағдарлама аясында шешімін табатынын жеткізіп, әр сұрақ жолдаушыға жеке-жеке жауап берді. Атап айтқанда, Еңбекші ауданы әкімдігінің жұмыс жоспарына сәйкес, ойын алаңшаларына жөндеу жұмыстары кезекпен жүргізіледі. 2011 жылы жаңартылған аулалар 2021 жылы жөндеу жоспарда бар. Ал 2013 жылы жөнделген аулалар 2022-2023 жылғы жоспарда. Өткен жылы 273 үйдің ауласы жөндеуден өткен болатын. Сайрам мөлтек ауданындағы балалар алаңшасы 2013 жылы жөнделген болатын деді М. Қалмұратов.
Сондай-ақ, қабылдау барысында жастарды жалдамалы баспанамен қамтамасыз ету бойынша 25-27 қаңтар 2021 жыл аралығында құжаттар қабылданатыны айтылды. Бұл жайында БАҚ–тарға хабарландыру беріліп қойған. Баспаналы болғысы келетін жастарға қойылатын негізгі талап – жұмыс істейтін және 29 жасқа толмаған, соңғы 2 жыл Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде болған азамат болуы керек екен. Ал жалдамалы пәтерде тұратын, және баспанаға кезекке тұрғысы келетін азаматтар, Халыққа қызмет көрсету орталығына (ЦОН) барып өзіне тиесілі санат бойынша үй кезегіне тұруы туралы өтініш жазып, қажетті құжаттар жиынтығы бойынша анықтаманы алып, тұрғын үй кезегіне тұруға болатыны түсіндірілді.
Қабылдауға келген барлық азаматтың мұң-мұқтажы жинақталып, алдағы уақытта партия назарында болатыны мәлімделді.
