АЗАМАТТАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН МЕМЛЕКЕТ
Талантты жастарды қолдау үшін Президенттік және партиялық кадр резервіне іріктеу практикасы жалғасады.
Нақты міндеттерді шешуге бір салаға бейімделген мамандарды жеңілдетілген негізде тарту үшін келісімшарттық қызметшілер институты енгізіледі.
Мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық базалары әрбір азаматтың цифрлық бейінін жасай отырып, бірыңғай жүйеге интеграцияланады.
Nur Otan партиясының алдағы 5 жылға бекітілген сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында бүгін үміткерлер Ғани Ташкараев және Нұрсұлтан Балабиев "Кәсіби даму" бастауыш партия ұйым мүшелерімен кездесіп, қаламызда атқарылуы тиіс жұмыстар туралы сөз қозғады. Ұйым мүшелері көшбасшы партияның тың әрі тиімді, халыққа пайдалы бастамаларын қолдайтынын және партияға зор сеніммен дауыс беретіндерін, халықты Nur Otan-ға дауыс беруге шақыратынын жеткізді.
