Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"АЗАМАТ" КОНСЕРВІ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қалалық мәслихат депутаттары Лазиз Сулайманов, Талғат Балтабаев және Мөлдір Бекеева зауыт жұмысшыларының «Nur Otan» партиясының алдағы бес жылға бекітілген сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Төрт тараудан тұратын партия бағдарламасында облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі елді мекендерді алаңдатқан негізгі мәселелер қамтылған. Бүгінгі жиында үміткер Талғат Балтабаев осы бағдарламаны жүзеге асыруда халықтың қолдауы аса қажет екенін тілге тиек етті.

Кездесу барысында зауыт қызметкерлері тарапынан зауыт маңында орналасқан Есенина көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныс түсті. Одан бөлек жұмысшылар "Азамат" консерві зауытында қызметкерлерге барлық жағдайлар жасалғанын, сондай-ақ айлық жалақылары уақытылы түсіп отыратынын жеткізді.

Бүгінде «Азамат» консерві зауыты 50 түрлі өнім шығарады. Кәсіпорынның өнімдері ел өңірлеріне ғана емес, шетелдерге де экспортталады. Мекеме директорының сөзінше мұнда пандемия жағдайында өнім шығару көлемі артқан. Қазіргі таңда 40 адам жұмыспен қамтылған болса, жаз айларында сұраныстың артуына байланысты жұмысшылар саны 150-ге дейін көбейген.

0
0
150

Еще по теме

"АЗАМАТ" КОНСЕРВІ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ - Yvision.kz