Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚАЗАҚТІЛДІ ҚОҒАМНЫҢ ЫҚПАЛЫ БАР МА?

alt

Қазақстан мемлекетінің автохтон этносы болып табылатын қазақтардың өз елінің мәдени, саяси және әлеуметтік стратегияларын таңдауға әсері бар ма деген сауалаға бір мәнді жауап беру қиын. Өйткені, бүгінгі таңда қазақтар мәдени және тілдік тұрғыда біртұтас ұлт болмай отыр. Параллель екі тілді әлемде (орыстілді және қазақтілді) өмір сүріп жатқан қоғамның ұлттық мүддені түсінуі де кереғарлық сипатта болады. Мұны БАҚ- та жарияланған қоғамдық пікірлерден айқын көреміз. Мемлекеттің күллі саласында функционалдық тұрғыда басым тіл рөлін атқарып отырған орыс тілі өзі қаласын я қаламасын қазақ тілінінің өркен жаюына кедергі келтіруде. Әсіресе, полиэтностық қалалық жерде оның барлық салада үстемдігін анық байқаймыз. Осыған сәйкес, орыс тілін қолданушылар    қазақтілділерге қарағанда қоғамдағы ықпалы тұрғысынан анағұрлым қуатты әрі пәрменді.  Жетпіс жылдық бодандық тарихи  жағдайға байланысты қазақтілділер  қуып жетуші және қайталаушы рөлде қалуға мәжбүр болуда. Шешім шығарушы жоғары эшалон, саяси элита қазақ тіліндегі ақпарттарға екінші сұрыптағы дүние деп қарайтыны еш құпия емес. Мұндай жағдайда ең алдымен кімнің арман-мұраты мен мұң-зарына үкімет құлақ асатыны айтпаса да түсінікті. Шенеуніктердің пайымдауында кәсіби біліктілік тұрғысынан да орыстілділер қазақтілділерден артық делінеді. Бұл таптаурын болған көзқарас болса да адамдардың санасында әжептәуір орын алған жаңсақ наным болып отыр. Отаршылдық зардабының салқынын әлі сезінудеміз. Қазақстанда ғана орын алған пародокс жағдай: тілдік кемсітушілікке мемлекетке өз атын берген этнос өкілдері ұшырап отыр. Бейне бір жиырма үш жыл тәуелсіздік кезеңі болмағандай. Таза қазақтар тарихи әділеттілік орнамағандай сезімді бастан кешуде. Ұлты қазақ (монотілді) адамдардың кәсіби жетістікке жетуі мүмкін болмай отыр. Қазақтардың мұндай мүмкіншіліктен айырылған, жәбір көрген сезімде болу себебін ұлттық теңсіздіктен іздеу керек. Тәуелсіздік алған кездегі жергілікті қазақтардың ұлттық тұрғыда  күткен үміті мен жеткен жетістігі арасында алшақтық орын алып отыр.  Қарапайым қазақтар оларды тәуелсіздік факторының арқасында үлкен байлыққа ие болған саяси басшылары алдап кеткендей сезімде жүр. Әлеуметтік-экономикалық қана емес, тілдік-рухани тұрғыдан да нағыз қазақтар билікке өкпелі.   Психологиядан белгілі құбылыс: тұлғаның әрекеттену деңгейі мен ол әрекетін іске үйлестіру мүмкіндігінің шектеулі болуы фрустрация күйін тудырады. Бұл күйдің өршуіне  ұлттық -мәдени, тілдік сегрегация және элита мен плебей көпшіліктің  қолданыста әр тілді пайдалануы өз үлесін қосуда. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
182

Еще по теме

ҚАЗАҚТІЛДІ ҚОҒАМНЫҢ ЫҚПАЛЫ БАР МА? - Yvision.kz