Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚАЗАҚТАР ТАС ҒАСЫРЫНДА ӨМІР СҮРІП ЖАТЫР !!!! САЛТ ДӘСТҮРДІ ЗАМАНҒА САЙ ӨЗГЕРТУ КЕРЕК !!!

Мен таза қазақ қызы болсам да, кейбір қоғамдағы қазақ қызына ата -бабамыздан қалған заңдар көңіліме ерсі көрінеді. Неге заман талабына сай салт -дәстүрді өзгертпеске ? Әрине өз үйіңде, тұрмысқа шықпағанша ешқандай салттың мағынасына мән бермейсің. Бұл заттың бәрі тұрмысқа шықсаң алдыңа жалмандап бітпейтін бір әңгімеге айналады: Менің пікірімше ең жағымсыз және керексіз салт -дәстүрлер:

  1. Кит Мит ешкімге керек емес маталар мен арзан сақина моншақтар, айта кетейін апамның үйінде осындай тойдан келген ұсақ түйек заттар бір сандық жатыр, ол жыл сайын бітіп қайта толып тұрады, жәй бір бумеранг сияқты, айналып жүре береді.
  2. Қыз ұзату тойында келінді сағат 12 -де бір мөшек қап сияқты күйеу жігіт көтеріп алып кетуі, не бұл ? түсіндіретін адам бар ма? әлде по қазақпайский солай өту шарт па? бір сағат 12 -ден кейін күйеу жігіттің көлігі асқабаққа айналып, үйіне  ұсқынсыз сән көйлегі халатқа ауысқан келін келетіндей...
  3. Сосын сәлем беру,  Адам деген алланың алдында ғана бас иуі тиіс емес пе? Жігіттің жасы келген туысқандары  аздай достарына, бауырларына 100 рет иілу керек, тіптен содан түскен ақша да келіннің қолына тисе бір сәрі, үлкен кісілер сәлем беруді : Басыңды жерге түсірсең ашу ызаң жерге кетеді дейді, мен басымды ашуланғанда жерге түсірсем де, ашуыма тиген адам бір секундта ұнап қалмайды.
  4. Баланың атын туысқандар қою, ейййй алло, бұл екі жастың баласы ғой, не деп қойсада өз еркі емес пе, дейтін адам табылмас, керісінше ағасы әпкесі мен мен деп жармасады, сонысы жыныма тиеді шыны керек. Негізі балаларды да кіші кезден ата-анаға тәуелді болып өсуге тәрбиелейді,тойды жасайтын ата-ана, көлік пен үй тағы "мам!" "пап!", таңдауды өз ойымен жасайтын жастар да қазір тым аз ау.
  5. Енеңнін атаңнын атын атама, қайынныңнын тағы басқа күйеуіңнін туыстарынын есімін атама... тағы бір ақымақ салт,келін болсаң сенің атыңды күніне 1000 рет қайта қайта қайталайды, ал сен ашуланып басыңды түсіріп тұрағой, бәрі жерге кетсін))))
  6. Дәлелі осы видеода :
  7. https://www.youtube.com/watch?v=oiZZboicVWU
0
0
1484

Еще по теме

ҚАЗАҚТАР ТАС ҒАСЫРЫНДА ӨМІР СҮРІП ЖАТЫР !!!! САЛТ ДӘСТҮРДІ ЗАМАНҒА САЙ ӨЗГЕРТУ КЕРЕК !!! - Yvision.kz