ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ОРЫНДАРЫ
Әрбір елде халықтың өзіне тән киелі орындары бар. Ағылшындар басты храмы – Кентерберий ғибадатханасын мақтан тұтса, немістер Кельндегі рим-католик готикалық соборын, француздар Нотр-Дам-де Париді ұлық етеді Ұлы Дала киелі жерлерге толы. Ол жерлерді қадірлеп-қастерлеу — ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміз. Қазақ елінде де мақтаныш ететін қасиетті орындар жеткілікті. Атап айтсақ, ежелгі Тараз, Ұлытау, Түркістан, Сайрам, Алтай, Жетісу өңірлері және Бекет-Ата кешені. Осындай қасиетті орындарымызды әлем халқына танытумен қатар еліміздің болашағы жас ұрпаққа тереңірек таныстыру маңызды.
Ал Тәуелсіздік жылдарында бұл бағыттағы жұмыстар күрт жанданды. Соның ішінде, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында сандаған тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандар жаңғыртылғанын көпшілік біледі.
Сонымен қатар, Нарын топырағында да киелі жерлер жетіп артылады. хан Жәңгір, күйші Дәулеткерей, этнограф ғалым М-С.Бабажановтың сүйектері жтқан пантеоннан бастап, батыр, ақын, шешен, бақсы-балгерлердің орындары жеткілікті.
Бүгін Хан ордасы музей-қорының ұжымы «Қазақстанның киелі орындары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізіп, еліміздің киелі орындары мен қастерлі жерлерін өзара талқылады. Соңғы кездері зерттелген, сондай-ақ зерттеуді қажетті ететін мекендер туралы пікірлерін білдіріп, ой бөлісті.
