Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГҮЛДЕНУІ ҮШІН ӨЗІҢНІҢ ДҰРЫС ТАҢДАУЫҢДЫ ЖАСА!!!

31 желтоқсан - тамаша күн, тамаша кездесу – облыстық мәслихат үміткері А.Б. Тукбаева мен аудандық мәслихат үміткері Н.Ж. Мангишевтің барлығы сыйлап, мейірлене сүйікті Коля ағай деп атап кеткен Шашубай кентінің тұрғынымен болды. Федотов Николай Васильевич 83 жаста, ол құрметті еңбек ардагері, атақты балықшы, тәлімгер. Қарапайм да керемет адам!

«Сен балық балық болу үшін жаралғандай, балықшы болу үшін дүниеге келгенсің» - Эрнест Хемингуэй «Қарт пен теңіз». 1956 жылы Коля ағай Қырғыстанның Фрунзе қаласынан Балқаш көлінің жағалауына, ертеректе Холодильник, Рыбтрест, Озерный, ал қазір Шашубай деп аталатын елдімекенге көшіп келген. Осы кентте өмір сүргеніне 65 жылдай болды, ал балық шаруашылық саласында – 60 жыл. Балқаш көлін өзінің бес саусағындай жақсы біледі, көзін жұмып алып катермен де, қайықпен де кент жағалауынан Алматы облысының оңтүстік жағалауының кез келген нүктесіне дейін тура апара алады. Көлдің «алтын ошақтарын» да біледі. Салған қармағын сабырмен күтіп, балық аулау әлемінің машығына шомып кететін. Балыққа ау салу білігі де елге мәлім, балық түсімі үнемі рекордты болатын. Балық аулау аяқталысымен, балықшылар ыстық шайдың рахатына батушы еді. Ошақта әзірленген балық сорпасының иісі барлығын дастархан басына жинайтын – бұл отырыс бір ғанибет еді-ау, жүрекжарды сыр да шертілетін, ән де айтылатын. Бригададағы жігіттердің барлығы қазақ болатын, содан Коля ағай да қазақша судай, туған тіліндей сөйлейді. Осы күнге дейін туған елі (өзі айтқандай) қазақ халқының мақалы мен мәтелдерін, аңыздары мен салт-дәстүрлерін жақсы біледі. Балықшылар бригадасы ол үшін өзінің отбасындай, ал өзі оның отағасындай болды. Оның бригадасы үнемі алдыңғы қатардан көрінетін, ал өзі Құрмет тақтасынан түспейтін. Көптеген мемлекеттік марапаттарға, сыйақыларға ие болды. «Балықты қармақпен аулау көңілге ерекше жағымды ғой, әрине, бірақ елімізге, халыққа азық-түлік өнімі қажет болды. Сондықтан балықшының ауынсыз еш іс бітпейтін,» - дейді Коля ағай. Сөйте отырып: «Әттең, Сіздің балықшы емессіз...» деп күйзелетіні бар-тын. Ол көлдің жағасында арайлап атқан таңның керемет көрінісін көре алмаған адамдарды аяушы еді. Олар қаншама ғажаптан құр қалды десеңізші! Қызыл шапақты арайлы таңда бүкіл әлім ұйқысынан оянғандай болып, сұлу табиғат жаныңды баурайды. Әлемнің кереметі осы ғой! Жағада не қайықта отырып сонау шығысқа көз саласың. Аспанның қара түнек жамылғысын тастап, алқызыл түске орана бастағаны, сол түс судың бетіне түсіп, түрлене түскені, аспандағы бұлттар да алуан түрлі кейіпке еніп, сары алтын Айдың жылтырап жымиғаны – барлығы керемет! Міне, қалың қамыс ішінен шолп еткен дыбыс та шықты. Судың бетін шеңберлі толқындар жапты: үлкен, кіші, сан алуан балықтар ойнап жүргендей. Кеудеңді ерекше бір сезім, бақыт сезімі билеп әкеткендей! Осы сәттер, осы сезім мәңгі бақи есте қалады...

Бүгін бұл естеліктер жадыңды жаңғыртып, жүрегіңді жылытады. Ол - екі ұл, екі қыз бала тәрбиелеген абзал әке. Енді 9 немере мен 14 шөберенің сүйікті атасы. Міне, бақыт деп осыны айт! Осыдан басқа не керек. Барлығы туралы жақсы сұхбатитастық.

Елімізді, осы пандемия шағындағы жерлестері туралы терең ойлап, қатты уайымдайды екен. 2021 жылдың 10 қаңтарында болатын сайлау туралы әркім міндетті түрде келеді деп жауапкершілікпен ой толғайды – менің де күмәнім жоқ! Өз дәуірін салыстырады, ол кезде АДАМҒА ДЕГЕН ҚАМҚОРЛЫҚ барлығынан жоғары тұрушы еді. Бұрындары бізді, балықшыларды, қысқы күндері мұз үстіне тікұшақпен алып келіп, балық ауланып болған соң, тікұшақпен балықшыларды да,ауланған өнімді де алып қайтушы еді. Қанша жағармай кететінін де, тікұшақ амортизациясын да есепке алмаушы еді. АДАМДАРҒА ЖАСАЛҒАН ҚАМҚОРЛЫҚ! Бүгінде теледидардан көріп, газеттерден оқып отырамын: «NurOtan» партиясы әр азаматқа қамқорлық етеді. Партияның ісі - мейірімді іс. Халыққа қамқорлық жасау – мемлекеттің басты міндеті.

2021 жылдың 10 қаңтарында біздің Коля ағай сияқты аға буын мен балалар, немерелер, шөберелердей өскелең ұрпақ әрі қарай жалғастырар өмір жолының таңдауы болады. .

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГҮЛДЕНУІ ҮШІН ӨЗІҢНІҢ ДҰРЫС ТАҢДАУЫҢДЫ ЖАСА!!!

#NurOtan

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

ПОСТ С ФБ

0
0
187

Еще по теме

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГҮЛДЕНУІ ҮШІН ӨЗІҢНІҢ ДҰРЫС ТАҢДАУЫҢДЫ ЖАСА!!! - Yvision.kz