ҚАЗАҚСТАНДЫ ДАМЫТАТЫН САРА ЖОЛ!
Ал, қазақстандық билік 30 жылда Қазақстан халқының санасын ұлт мақсатына сай қалыптастыра алдым ма?! Жоқ! Оның дәлелі, қазақ тілінің 30 жылда мемлекеттік тіл дәрежесіне жете алмауы. Мемлекеттік тіл – мемлекеттіктің негізгі тірегі!
Қазақтың санасын құрдымға кетіруге не себеп болды?!
Біріншіден, соғыссыз отарлау мақсатында патшалық ресейдің саясаты бойынша қазақ халқын руға, жүзге бөліп, бір-біріне айдап салу арқылы іріткі салу. Бұл саясаттың, халықтың қанына сіңгені соншалық, қазақ халқының руға бөлінбейтінін, керісінше, рудан құралатынын көпшілік түсінбейді де... Ру – әр адамның тегі, орысша айтқанда фамилиясы. Яғни, туыстықты білдіреді. Халқымыздың салт-дәстүрі бойынша, жеті атаға дейіе жақын туыс болып есептеледі және қыз алысуға қатаң тиым салынады. Неге?! «Дамыған» батыстың ғалымдары, адам қанындағы туыстық хромосомдардың жеті атадан кейін ғана толық тазаратынын 20 ғасырда ғана ғылыми дәлелдеді. Қазіргі уақытта еуропалық халықтар – кәртәюші, яғни құрып бара жатқан халықтар болып есептеледі (шынымен солай). Себеі, генетикалық аурулар, соның ішінде бедеулік еуропада кеңінен таралған. Генетикалық аурулардың емі жоқ екені жалпыға белгілі. Ал, генетикалық ауруларға жақын туыстар жұбынан туған ұрпақ бейім екенін, бұны зерттеуде алдыңғы қатардағы Германия мемлекті мойындап, 1950 жылы жақын туыстар арасында 4 атаға дейін неке қиюға заң жүзінде тиым салған. Ал, біздің ата-бабларымыз 7 жеті атаға дейін қыз алыспау салт-дәстүрін бір жарым мың (!) жыл бұрын қалыптастырған.
Осындай, дүниежүзілік өркениет дамуынан озық салт-дәстүрімізді өзіміз мойындап, мақтан тұтқанда ғана әрбір қазақ отансүйгіш азамат болады!
Екіншіден, патшалық ресейдің отарлау саясатының, одан кейін кеңес үкіметінің саясатының негізінде, жоғарыда аталғандай, қазақ халқына тән әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің барлығы «ескілік, ештеңеге жарамсыз» деген ұғымның салдарынан халық санасында, «басқаныікінің барлығы керемет», деген ұғым қалыптасып, әлем тілдерінің арасындағы ең бай тілдердің қатарындағы өз тілімізді, әдебиетімізді, мәдениетімізді менсінбейтін дәрежеге жеттік. Осының салдарынан, тәуелсіздіктің бірінші жылдарында, «ресейде білім алғандардың барлдығы – әулие», деген ұғыммен, үкіметтің саяси билігі «орыс тілділердің» қолына берілді.
Үндістанның қоғам және мемлекет қайраткері Махатма Ганди, «Халықтың басты жауы, отаршылардың тәрбиесін алған белсенділер!» деген екен. Бұл тұжырымның дұрыстығын қазақстандық үкімет дәлелдеп берді. «Орыс тілді» үкімет 30 жылда не халыққа жағдай жасаған жоқ, не ел экономиканы тұрақты дамытуға әрәкет жасаған жоқ! Қазіргі саяси биліктегілердің басты мақсаты, мемлекет қоржынына түскен қаражатты есебін тауып көбірек «жымқырып», шет елде өздеріне «мәңгілік» қор дайындау...
Халықтың, Қазақстанның жағдайын жақсарту үшін не істеу керек?!
1.Әлемдік өркениеттің дамуына негіз болған ата-бабларымыздың жетістіктерін дәріптеп, бай тілімізді, баға жетпейтін әдебиетімізді, мәдениетімізді мойындап, Ұлы Елдің Ұрпағы екенімізді мақтан тұту!
«Әлемдік өркениеттің дамуына негіз болған», деген тұжырымға, халқымыздың тарихын білмейтін ұрпақ көңілінде сұрақ туындауы мүмкін... Басқа деректерді уақыт өзі көрсете жатар, бір ғана дәлел келтіре кетейік...
Жылқы малының әлемде бірінші болып Қазақстан жерінде 5000 жыл бұрын қолға үйретілгенін архиологиялық деректердің негізінде батыс ғалымдары дәлелдеді. Ал, ол заманда жылқы малын қолға үйрету, 20 ғасырда ғарышты игеру, әлемдік өркениетті қандай деңгейге көтерсе, жылқы малын қолдану да соған пара-пар дәрежеде үлес қосты. Осының нәтижесінде біздің арғы бабаларымыз, ғұндар, сақтар, қыпшақтар, түріктер, Еуразия және Африка континеттерін билеген державалар құрды және әлемдік өркениет дамуын қарқындатты.
Осы ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, мақтан түтқан ұрпақ қана Отанын сүйген, отаншыл азамат болып, елге адал қызмет жасайды! Оның дәлелі, көрші өзбек мемлекетінен шыққан миллиардерлер, халық басына қиыншылқ туған уақытта, Қазақстанда, Ресейде тапқан қаражаттарын өз халқына беріп, қамқорлық жасап жатыр! Олардың бұл әрекеттері, Қазақстан тарапына жасаған әділетсіздік болса да, өз елдеріне деген сүйіспеншіліктерін көрсетеді. Ал, «орыс тілді» қазақтың миллиардері М.Әбләзов, қиыншылық уақытта халыққа қамқорлық жасаудың орнына, билікке келу мақсатымен, шет елде жатып, халқты билікке айдап салып жатыр! Осылардың қайсысы отансүйгіш?!
2.Мемлект басшысы Қ.Тоқаевқа, мемлекеттік жүйедегі жемқорлықты тоқтату керек!
3.Халықтың жағдайын жақсартып, экономиканы көтеру үшін ресми биліктеглердің «бағдарламаларын» ғана емес, қоғамның, ғылымның, мамандардың мүмкіншіліктерін қатар қолдану керек.
Түйіндей келегенде, «Ұлы Елдің Ұрпағы!» екенімізді мақтан тұтып, Жапония сияқты ұлттық құндылықтарға негізделген Ұлттық мемлекет құрып, мемлекеттің байлығын халық игілігіне жаратататын уақыт жетті!
Халқымызда, «Өзіңді өзің силасаң, жат бойынан түңілер!» деген сөз бар. Біз, әлемге, «ЭКСПО» сияқты қажетсіз қаражат шығаратын, жасанды көрсеткіштермен емес, өзіміздің тілімізді, әдебиетімізді, мәдениетімізді құрметтейтін Ұлы Елдің Ұрпағы екенімізді көрсетсек қана мойындата аламыз!
Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы!
«Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы!» Ұлттық қозғалысы
Қозғалысқа қосылыңыздар!
18.04.2020 ж.
(Жалғасы бар).
