Перейти к содержимому
Обложка сообщества Новости Шымкента

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГЁТЕ-ИНСТИТУТЫ


Қазақстандағы Гёте-Институты шетелде неміс мәдениетін насихаттау мен мәдениет аралық тәжірибе алмастыру мақсатымен алуан түрлі мәдени шаралар ұйымдастырып тұрады. 

Біздің тіл бөліміндегі жұмыстарымызды неміс тілін шет тілі ретінде оқыту саласындағы мұғалімдер мен оқытушыларға арналған Workshop-тар мен семинарлар және емтихандар толықтыра түседі. Сонымен қатар біз түрлі деңгейдегі тіл курстарын ұсынамыз. 

Қазақстандағы Гёте-Институтының информация орталығы Германиядағы мәдени, қоғамдық және саяси өмірдің өзекті жақтары туралы ақпараттар береді. Мұндағы кең қорда Германияны қызықтаушыларға, неміс тілін оқушылар мен оқытушыларға қажет материалдар бар. 


КІТАПХАНА

ONLEIHE

Illustration: Maria Tran Larsen © Goethe-Institut

Onleihe – Гете институтының цифрлық кітапханасы (eLibrary). Сіз 20 000-ға жуық неміс тіліндегі электронды кітаптарды, аудио кітаптарды, неміс тілін үйренушілерге арналған материалдарды, журналдар мен газеттерді жүктеп алуға және онлайн фильмдерді көруге болады.

https://www.goethe.de/ins/kz/kk/kul/bib/onl.html

0
0
365

Еще по теме