Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.ТОҚАЕВҚА

Осы "соғыс" жағдайында мемлекет пен халық басына түскен қиыншылықты жемқорлық мақсатқа қолданған барлық деңгейдегі саяси басшыларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етеміз (нақты дәлел, https://baq.kz/news/othernews/kimdikter-kateterdi-elden-emes-ymbat-a-/?fbclid=IwAR08jXbIzpxg0shan6tpr8RQz-xpFOthQz2ZVaGmsp7lX-isQOUMOdvWWlg). Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин "Antikor Live" жобасы аясындағы онлайн брифингте айтты. https://baq.kz/news/othernews/kimdikter-kateterdi-elden-emes-ymbat-a-/?fbclid=IwAR08jXbIzpxg0shan6tpr8RQz-xpFOthQz2ZVaGmsp7lX-isQOUMOdvWWlg

Осы "соғыс жағдайында" өздерінің жеке бастарының, жанұяларының жағдайымен санаспай, халықты құтқаруға күндіз-түні ерлікпен қызмет жасап жүрген қазақтың Батыр қыздары, Аружан Саинаны, Айнұр Тұрсынбаеваны және Дана Нұржігітті марапаттауды ұсынамыз.

Сонымен бірге, мемлекеттік саяси қызметтерге, жоғарыда аталған азаматтар сияқты, Отанын және халқын шексіз сүйетін мамандарды тағайындау, жемқорлықты жоюға да, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға да жол ашатын шешім болатынына сенімдіміз!.

"ОЯН, ҰЛЫ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ!" ҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ Ж.Абильдинов 13.08.2020 ж.

0
0
262

Еще по теме

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.ТОҚАЕВҚА - Yvision.kz