«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУДІҢ ЗАМАНАУИ ҚҰРАЛДАРЫ»
2019 жылдың 14 маусымда «Парасаттылық» мектебі аясында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықпен күресудің заманауи құралдары» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Жұбаныш, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Жүнісов қатысты.
