ҚАЗАҚСТАН ӘБУ-ДАБИДЕ ӨТІП ЖАТҚАН WORLDSKILLS COMPETITION 44-ШІ ӘЛЕМДІК ЖАСТАР ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДАН ЖЕҢІС КҮТЕДІ
Жастар арасында түрлі мамандықтарды насихаттау және кәсіби дайындықты шыңдауды көздейтін WorldSkills халықаралық қозғалысы биылғы үшінші жыл қатарынан жалғасын тапты. Биылғы чемпионат Әбу-Дабидегі Ұлттық көрме орталығында өтуде. Біздің ұлттық құрамамыз визуал мерчендайзингтен бастап, ұсталыққа дейінгі 23 құзыреттілік бойынша 77 елдің жастарымен сынға түседі.
Әлем чемпионатындағы қызу тартыс даяшылар арасында өтуде, оған Қазақстанның өкілі биыл алғаш рет қатысып отыр. Қызмет көрсету саласында жүрген ең үздік деген 37 шебер жеңімпаз болуға талпынады, олардың арасында қазақстандық Полина Сидельникова да бар. Ол мейрамханаларда, кофеханаларда және асханаларда тәжірибе жинаған, ал теорияны Қарағандыдағы арнайы колледжде оқыған.
Жалпы, елімізде соңғы кезде мұндай мамандарды дайындайтын оқу орындары көбейіп келеді, бірақ олар кәсіпқой даяшы емес, әмбебап аспаз мамандығын игеріп шығады. Сарапшылар даяшылықты жеке мамандық түрінде енгізіп, оны оқытатын бағдарлама әзірлеп, бұл мамандыққа қатысты көзқарасты түбегейлі өзгерту керек деп есептейді.
