ҚАЗАҚҚА ЖАСАЛҒАН ҚАСТАНДЫҚ
Жеті атаға жетпей қыз беріспеген қазақтың арасына Әбіләзов іріткі салуда. Қазақстан Республикасы демократиялы мемлекет болғанымен, шектеу көп деген ол көгілдірлерді көтеріліске шақыруда. Астыртын әрекет арқылы елді дүрліктіріп, Ақорданы басып алуды көздеп отыр. Есесіне біржынысты және адамдар мен жануарлар арасындағы некеге келісім беріп, қолдау көрсетемін деп уәде еткен. Шетелдің сасық саясатын өзінше тәуелсіздік деп көрсетіп, туған халқының тағдырына опасыздық жасауға дайын азаматтан қандай басшы шықпақ? Ата-бабаларымыз дәл қазіргідей ДНК-ны толық зерттемесе де, жақын адамдардың отбасылы болуынан сан алуан дерттің етек алатынын жетік білген. Сол себепті де, жүзге бөлген. Тұқымқуалаушылықтың заңдары тұрғысынан алғанда туыс адамдардың некелесуіне үзілді кесілді наразылық танытқан. Бүгінде сирек кездесетін сырқаттар негізінен генетикалық аурулар екендігі анықталып, медициналық тілмен айтқанда орфандық аурулар проблемасын дәрігерлер соңғы жылдары дабыл қағып көтере бастады. Әсіресе, мутацияға ұшыраған нәрестелер санының көбеюі қоғамды алаңдатып отыр. Дамыған елдерде адамның тұқым қуалайтын 50-55 түрлі ауруларына тест жасайтын генетикалық консультациялардың жұмыс істеуінің өзі көп нәрсені аңғартады. Бүгінгі таңда ерекше назар аударарлық нәрсе АҚШ және Батыс Еуропаның онға жуық мемлекеті заңдастырып үлгерген бір жыныстылардың некесі, киеңкілер мен қызтекелер деген сорақылықты және өзге де ұлттық ділімізге жат көріністерді мамандар түптеп келгенде қан тазалығын сақтамаудың салдарымен байланыстырып жүр. Өйткені еуропалық мәдениетте тек туралы түсінік жоқ, оларда отбасы ұғымы ғана бар. Лұт (а.с.) пайғамбардың тұсында, азған бір елдің еркектері әйелдерін ұмытып, бірімен-бірі жыныс қатынасын жасай бастаған. Ар-ұяттан безіп, азғындыққа жол берген сол қауымды, жаратушы Құдай аспаннан тас жаудырып, бір күнде жоқ қылыпты. Қазіргі өркениеттің кемелденген кезінде, демократияның дәуірлеген тұсында бисексуал, гомосексуал мәселесін жер-жерде көтеріп, тіпті Америка сияқты мемлекеттер бір жынысты адамдардың ерлі-зайыпты болуын заңдастырып жатқан жайы бар. Нидерланды сияқты елдерде мұндайларды той жасап тұрып үйлендіріп жатыр. Алайда Батыстан бастау алған демократияның бұл көрінісі біздің ұлт үшін жиіркенішті қылық болып саналады. Ал, осындай әрекетке қолдау көрсету қазаққа жасалған үлкен қастандық. Кезінде ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елін, жерін қорғаған ата-баба рухы алдында сын. Біреудің қаңсығын таңсық қылып, әсіресе, жас буынның санасын улауда. Батысқа қанша еліктесек те, бұл қазақтың психологиясына жат нәрсе.
