Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫ МЕН ФИЛОСОФТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ: МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ

Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) –

белгілі тарихшы, әдебиетші

ДУЛАТИ

Мемлекет қайраткері, әскербасы, тарихшы, ақын, жаратылыстанушы, этнограф, дипломат М.Х. Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегі Орта Азия халықтарымен қоса, Үндістан, Тибет, Ауғаныстан, Иран секілді мемлекеттердің халықтарының тарихи, географиялық, топономикалық, этнологиялық жағын зерттеуде деректік мәні зор.

Еңбек құрылымында тарихи өмір шындықтары, мемлекет тарихы, мемлекетті басқару, мемлекет қайраткерлерінің саяси, азаматтық келбеті, өнер мен білім, мәдениет, дін, заң, жаратылыстану және басқа ғылым салалары бойынша мол мағлұматтар беріледі. Автор нақты өмір құбылыстарын, олардың белгілі бір ортақ немесе дара ерекшеліктеріне, заңдылы аттарын көркемдеп баяндайды, оларды талдап, саралап, тиісті жерінде пікір түйіп, өз ойларын да ұсынып отырады. Ол өзі көрген, естіп не оқып білген өмір құбылыстарын тұтасып, жалғасып, өзара байланысып, сабақтасып жатқан күйде суретейді, болған оқиғаның, істің сипатын, мазмұнын, мезгілі мен мекенін, себебі мен салдарын, орындалу амалы мен құралын, пәнін, тағы басқаларды көрсетеді [Жүншеев Р.Е., Төкенов Ө.С., Ізтілеуов А.Ә. Философия. –Тараз, 2007. – 235 б.]. Бүгінде бұл кітап барлық мәдениетті елдердің тіліне аударылып, мәңгі өшпейтін дүние жүзілік әдебиет мұрасының бірі болып отыр.

1
1
1294

Еще по теме

ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫ МЕН ФИЛОСОФТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ: МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ - Yvision.kz