ҚАЙТЫС БОЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы желтоқсан айының 31-ші жұлдызындағы №1559 қаулысына сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет уәкілетті орган және Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) қайтыс болу фактісін растайтын құжат;
3) қайтыс болған адамның куәлігі;
4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
5) қажет болған кезде қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болған деп хабарлау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі.
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін:
1) медициналық ұйым берген, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат;
2) қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негіз болып табылады.
Қайтыс болу мемлекеттік тіркелгеннен кейін қайтыс болған адамның мұрагерлерінің аясына кіретін жақын туыстарына не қайтыс болған адам қамқорлықтарында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттік ұйымдар әкімшілігінің өкілдеріне қайтыс болу туралы куәлік беріледі.Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлік мұрагерлік іс қарауында жатқан нотариустың хабарламасы бойынша беріледі.Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуы туралы куәлік қайтыс болу туралы акт жазбасына барлық қажетті мәліметтер енгізілгеннен кейін ғана беріледі.
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу қайтыс болған адамның тұрған жері бойынша немесе ол қайтыс болған жер бойынша тіркеуші органдарда жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
Жуалы аудандық ХҚКО
инспекторы А.Баетов
